- Денис Шевченко
- 6 июнь 2019
- 950
- 0
Түркістан облысының полицейлері экстремизм мен терроризмге қатысты іс-шараларды бақылауға алуда

Мәселен, ТО Полиция департаменті Жетісай аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген экстремизм мен терроризмге қарсы жедел іс-шаралары барысында есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді өткізу, заңсыз сақтау іс-әрекеттерін жүзеге асырған жайт анықталды. Бұл іс Жетісай АПБ-не ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру тізіліміне тіркеуге алынды. Облыстың полицейлері анықтағандай, ұсталған азамат бұрын сотты болған деструктивтік діни ағымның ұстанушысы, Жетісай қаласының тұрғыны.
Жеделдетілген іс-шараларды атқару барысында күдіктінің тұрғылықты мекен-жайы толық тексеріліп, нәтижесінде 60 грамға жуық есірткі тектес зат табылып, тексере келе табылған заттың «опий» екендігі анықталды. Ұсталған күдікті өзінің заңсыз іс-әрекетіне қарамастан, полиция қызметкерлеріне қарсы күш қолданған.

Қазіргі таңда құрықталған азаматқа байланысты тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Іске қатысты барлық құжаттар жинақталып, шешім шығарылу үшін сотқа жолданатын болады.
Облыс полицейлері экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бұл қоғам тұрақтылығының кепілі екендігін естеріңізге салады. Сонымен қатар, экстремизм мен терроризмнен сақтану арқылы өз өміріміз бен болашағымызды сақтаймыз. Мүмкіндігінше діни аудио, бейне жазбаларды тыңдағанда да сақ болу керек. Кез-келген өзін имам секілді ұстаған адамдардан уағыз тыңдап, жақын араласудан сақ болыңыз. Сонымен қатар қоғамдық орындарда, адам көп шоғырланған жерлерде тұрған сөмкелерді алудан, ашып көру арқылы қызығушылығыңызды арттырудан абай болыңыз. Күдік тудырған жағдай немесе күдікті зат көрсеңіз, бірден полицияның «102» нөміріне қоңырау шалыңыз. Бұл өз кезегінде экстремизм мен терроризмнің алдын алуға үлкен септігін тигізбек.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі
Мы в соцсетях и мессенджерах:
★ Группа Вконтакте: ► https://vk.com/oo_dk
★ Группа в Facebook: ► https://www.facebook.com/groups/oo.dk.kz/
★ Группа в Одноклассниках: ► https://ok.ru/oo.dkorg
★ Группа в Instagram: ► @road_control_kz
★ Группа в Telegram: ► https://t.me/oo_dk
★ Группа в WhatsApp:► https://chat.whatsapp.com/Dncl4R5suJbAIEZA1bIE5n
Мы в Yotube:
★ Информпортал "Дорожный Контроль": ► http://www.youtube.com/c/ИнформпорталДорожныйКонтроль
★ Канал партнера Дорожного Контроля :► http://www.youtube.com/c/ROADCONTROLVIDEONEWS
Сотрудничество и размещения рекламы на наших ресурсах:
★ электронная почта: ► adv@oo-dk.org
★ WhatsApp: ► 8-777-154-37-77 ► 8-778-639-00-01
Добавить комментарий
Смотрите также

Түркістан облысы полицейлері 83 миллионның алаяқтығын ашты

Жол картасының негізгі тармақтары түсіндірілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Халық Қаһарманы Ғ.Байтасовқа арналған аудитория ашылды

Жамбыл облысында «Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасына дайындық жүргізілуде

Жеңіл автокөлік сатып алушы қазақстандықтар көбейді