- Денис Шевченко
- 26 август 2019
- 806
- 0
Жол жүрісі қауіпсіздігін сақтау

Жолдардағы ең басты проблема - жүргізушілердің жылдамдық режимін бұзуы. Автокөлік жүргізушілері өздерін кінәсіз сезінгендіктен қозғалыстың бекітілген жылдамдығын асырады.
Жылдамдық режиміне жалпы шектеуліктердің барына және жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің тарапынан үнемі бақылаудың болуына қарамастан, облыс жолдарындағы жағдай күрделі болып қалуда.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып және жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында Жамбыл облысы Полиция департаменті қызметкерлері «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалымен бірлесе отырып, облыс автожолдарында, оның ішінде «Алматы – Ташкент - Термез (Батыс Еуропа – Батыс Қытай)» автожолының 555 - 566 шақырымдарында автокөліктердің жүргізушілеріне жылдамдығын ақпараттандыратын электрондық табло орнатуға шешім қабылданды. Қазіргі таңда аталған табло өз қызметін толық атқаруда.

Оған қоса, қазіргі кезде «Алматы – Ташкент - Термез (Батыс Еуропа – Батыс Қытай)» тас жолында автокөліктердің ағымын екіге бөлетін қисық сызықты брусты (криволинейный брус) түнгі мезгілде көру қабілеттігін жақсарту мақсатында, брустың ортасына жол ұйымдарының қызметкерлерімен 1.32.1 – 1.32.2 «Кедергіні айналып өту» жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы
Мы в соцсетях и мессенджерах:
★ Группа Вконтакте: ► https://vk.com/oo_dk
★ Группа в Facebook: ► https://www.facebook.com/groups/oo.dk.kz/
★ Группа в Одноклассниках: ► https://ok.ru/oo.dkorg
★ Группа в Instagram: ► @road_control_kz
★ Группа в Telegram: ► https://t.me/oo_dk
★ Группа в WhatsApp:► https://chat.whatsapp.com/Dncl4R5suJbAIEZA1bIE5n
Мы в Yotube:
★ Информпортал "Дорожный Контроль": ► http://www.youtube.com/c/ИнформпорталДорожныйКонтроль
★ Канал партнера Дорожного Контроля :► http://www.youtube.com/c/ROADCONTROLVIDEONEWS
Сотрудничество и размещения рекламы на наших ресурсах:
★ электронная почта: ► adv@oo-dk.org
★ WhatsApp: ► 8-777-154-37-77 ► 8-778-639-00-01
Добавить комментарий
Смотрите также

Шымкент қаласында полиция қызметкерлерімен «Жолда қабылдау» акциясы өтуде

Таразда синтетикалық есірткіні жарнамалайтын граффити жазбалар жасаған жігіт ұсталды

Жамбыл облысының Меркі және Жуалы аудандарында полицияның фронт-кеңселері ашылды

Жол картасының негізгі тармақтары түсіндірілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Халық Қаһарманы Ғ.Байтасовқа арналған аудитория ашылды